Жоңғар Алатауында экожоба ауқымында қар қабыланын суретке түсіру үшін 90-нан астам фотоқақпан қояды (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қар қабыланы - жойылу шегінде тұр. Қазақстанда оның небәрі 110-130-ы ғана қалған. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстанның ұлттық символы ретінде қар қабыланын сақтау жобасындағы ынтымақтастық туралы Carlsberg Kazakhstan компаниясы мен Қазақстандық биоалуандықты сақтау қауымдастығының арасындағы келісімге қол қою барысында осы қоғамдық ұйым кеңесінің төрайымы Вера Воронова айтты.