Н.Назарбаев және Си Цзиньпин тегіс қамтылған стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі туралы Бірлескен декларацияға қол қойды (ФОТО)
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және ҚХР төрағасы Си Цзиньпин тегіс қамтылған стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі туралы Бірлескен декларацияға қол қойды. Сондай-ақ екі ел басшыларының қатысуымен 11 екіжақты үкіметаралық және коммерциялық келісімдерге қол қойылды.