Алматыда төрт жүк көлігімен Қытайдан контрабандалық тауар әкелгендер ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда шет елден контрабандалық тауарлар алып келіп, мемлекетке 300 млн. теңге көлемінде залал келтірмек болғандардың жолы кесілді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.