Қазалыда құс фермасы ашылады - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Тұран-Қазалы» ЖШС жалпы құны 108 млн. теңгені құрайтын құс фермасын іске асыруды қолға алды. Жоба Аранды ауылдық округі, Айдарбек учаскесіндегі «Атамекен» жеке шаруа қожалығының 1068 га жеріне орналастырылмақ. Бұл туралы Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.