Қазақстанда аяқкиім қымбаттады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылы отандық өндірушілер шамамен 1,7 млн жұп аяқкиім шығарды. Егер осы өндірістік көрсеткіштерді 2021 жылмен салыстыратын болсақ, онда 17,6% өскен. Осы жылдың бірінші тоқсанында компаниялар 421 мың жұп шығарған, бұл 2022 жылғы қаңтар–наурызға қарағанда 38%-ға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.