Атырау облысы әкімінің мүгедектер мәселесі жөніндегі үш кеңесшісі тағайындалды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы әкімінің мүгедектер мәселесі жөніндегі үш кеңесшісі тағайындалды. Штаттан тыс кеңесшілердің екеуінің мүгедектігі бар, ал, біреуі ерекше бала тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.