Қысқы Универсиада нысандарының құрылысына 1200-ден астам ШОБ субъектілері тартылды - Б. Сауранбаев
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2017 жылы өтетін бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары өтетін спорт нысандарының құрылысына 1200-ден астам отандық шағын және орта бизнес субъектілері тартылды. Ондағы мақсат - нысандарды дер кезінде пайдалануға беру және отандық өндірісті дамыту. Бұл туралы Алматыда Универсиадаға дайындық аясында отандық өнім өндірушілермен ынтымақтастық форумы барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Болат Сауранбаев мәлімдеді.