Ұрланған ұялы телефондар мен басқа да мобильді құрылғылар бұғатталатын болады - Алматы қ. ІІД
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы полицейлері ұрланған ұялы телефондар мен басқа да мобильді құрылғыларды IMEI кодтары бойынша бұғаттау ісіне кірісті. Қалалық ІІД мәліметінше, бұл шараға ұялы операторлар қолдау көрсетіп жатыр. Бұл туралы бүгін Алматы қ. ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.