А.Авлатарованы тапқан сарбаздың бірі Б.Бинұров туған жерінде кездесу өткізді - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағанындай, Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылынан шығып, жоғалып кеткен жиырма жасар Айзада Авлатарованы тапқан ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571-әскери бөлімінің қызметкерлеріне жуырда құрмет көрсетіліп, соның ішінде ефрейтор Бибол Бинұровқа туған жеріне барып-қайтуға кезектен тыс 10 күн демалыс жарияланған еді. Соған орай атамекені Ақжайық ауданы Алмалы ауылына келген Б.Бинұров тұрғындармен, жастар және оқушылармен кездесті.

