Батысқазақстандық университеттің қос бірдей ғалымы үздік оқытушы атанды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің қос бірдей оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, кәсіптік практика және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы Бейбіт Нәсиев пен ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, доцент, агрономия факультетінің деканы Диамара Төлегенова ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған дәстүрлі «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.