Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ақтауда жасөспірімдер 14 жастағы оқушы аяусыз соққыға жығылған сәтті видеоға түсіріп алған

Ақтауда жергілікті тұрғын Ақтоты Ахметқызы 14 жастағы інісін екі жасөспірім аяусыз соққыға жыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтоты Ахметқызының айтуынша, 4 тамыз күні таңертең бала 32А шағын ауданындағы № 10 үйдің жанындағы дүкенге шыққан. Сол сәтте оған шамамен 16-17 жастағы екі жасөспірім жақындаған.
Оның айтуынша, жасөспірімдер одан өз телефоны арқылы осы үйде тұратын досына қоңырау шалып, оны сыртқа шығуға көндіруді талап еткен.
Бала бұдан бас тартқан кезде, арызданушының сөзінше, жасөспірімдер оны соққыға жығып, болған жайтты оның ұялы телефонына түсіріп алған. Кейін бейнежазбаны: "Егер шықпасаң, досыңның күні осы болады" деген сөздермен әлгі досына жіберген.

"Бұл адам баласының ісі емес - бұл нағыз қатыгездік. Осы бетімен кетсе, бұл жасөспірімдер кісі өлтіруге дейін баруы мүмкін", - дейді Ақтоты Ахметқызы.

Назар аударыңыз, видеода балағат сөздер мен қатыгездік көріністері бар!

Әйелдің айтуынша, оқиғадан кейін жасөспірімдер аналарымен бірге 32В шағын ауданындағы № 8 үйде орналасқан полиция тірек пунктіне жеткізілген.

"Олар кінәсін мойындамады. Оның үстіне, полиция қызметкерлерінің көзінше олардың бірі: "Иә, оны мен сабадым. Керек болса тағы да сабаймын. Маған не істей аласың?" - деп, бізге де агрессия көрсете бастады", - деді ол.

Жәбірленуші Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, онда оған компьютерлік томография және басқа да тексерулер жүргізілді. Әпкесінің айтуынша, тексеруден кейін бала басынан алған ауыр жарақатына байланысты шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған.
Сондай-ақ Ақтоты Ахметқызы полиция тірек пунктінде отбасының арызы қабылданбағанын айтады. Оның сөзінше, тек бірнеше сағаттан кейін ғана олар полиция басқармасына ресми түрде арыз түсіре алған.

"Біз полицияға, прокуратураға, денсаулық сақтау басқармасы мен әкімдікке бұл жағдайды назардан тыс қалдырмай, ең қатаң шараларды қолдануды сұрап жүгінеміз. Егер олар бүгін адам сабаса, ертең кісі өлтіруі мүмкін. Егер бұл жасөспірімдерді қазір тоқтатпасақ, келесі жолы біздің баламыз емес, басқа біреу зардап шегуі мүмкін", - деп мәлімдеді әйел.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *