Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бақыт Есімова Президент Әкімшілігінде қызметке тағайындалды

Бақыт Есімова Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Бақыт Амангелдіқызы Есімова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бақыт Есімованың өмірбаяны
Бақыт Есімова 1984 жылы 29 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың ауылында дүниеге келген. Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университетін және Калифорния университетін (АҚШ) бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан жастар конгресінде бастады, онда менеджер және атқарушы директорға дейінгі аппарат басшысы қызметтерін атқарды.
2007 жылдан 2008 жылға дейін "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ-да сарапшы болды.
2008 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Стратегиялық жоспарлау және қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2010 жылдың наурызында Ақмола облысына ауысып, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті бастығының орынбасары болды. 2011 жылдың наурызында ол осы департаменттің басшысы болып тағайындалды және бұл қызметті 2013 жылдың маусымына дейін атқарды.
2013 жылдың 28 маусымынан 2015 жылға дейін Ақмола облысы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарды.
2015 жылы Астана қаласының ішкі саясат департаментін басқарды және бұл қызметті 2020 жылдың қыркүйегіне дейін атқарды.
2020 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың мамырына дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылдың мамырынан бастап Президент әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *