Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Месси әкесінің жерлеу рәсіміне кедергі келтіргені үшін БАҚ-ты сотқа бермек

Аргентина құрамасы мен америкалық "Интер Майами" клубының жұлдызды шабуылшысы Лионель Месси әкесін жерлеу рәсімінен фото және видео таратқан БАҚ өкілдерін сотқа береді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Желіде Лионель Мессидің заңгерлік фирмасы әкесі Хорхе Мессиді жерлеу кезінде оның отбасының жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқығын бұзған БАҚ-қа қарсы құқықтық шаралар қолданатыны туралы ақпарат тарады. Қатаң қауіпсіздік шаралары мен құпиялылық туралы өтініштерге қарамастан, папарацци зират аумағына кіріп кеткен. Кейін желіде отбасының келуі, Мессидің қатысуы және қоштасу сәті бейнеленген видео және фотоматериалдар жарияланды.

???? ШҰҒЫЛ: Лионель Мессидің заңгерлік фирмасы Хорхе Мессимен қоштасу кезінде этика шегінен шығып, отбасының жеке өміріне қол сұққан БАҚ өкілдеріне қарсы СОТҚА ШАҒЫМ түсіретінін мәлімдеді.pic.twitter.com/OOYkJZZDsX
— The Touchline | ???? (@TouchlineX) August 10, 2026
Мессидің әкесінің қазасы
Еске сала кетейік, аңызға айналған футболшының әкесі әрі ұзақ жылдар бойы өкілі болған Хорхе Месси 2026 жылдың 8 тамызына қараған түні 68 жасында ұзаққа созылған аурудан кейін Росариодағы (Аргентина) клиникалардың бірінде қайтыс болды.
Хорхе Месси әке ғана емес, ұлының мансабындағы алғашқы жылдардан бастап негізгі тұлға болды. Ол Лионельдің Барселонаға көшуіне қолдау көрсетіп, ұзақ жылдар бойы оның агенті әрі сүйеніші болды. Лионельдің өзі де матчтерден кейін әрдайым әкесінің мақұлдауын қажет ететінін бірнеше рет айтқан болатын.

Лионель Мессидің әкесі әрі өкілі Хорхе Месси ауыр сырқаттан кейін 68 жасында қайтыс болды. pic.twitter.com/5A7FFLdzwJ
— ESPN FC (@ESPNFC) 8 тамыз, 2026 жыл
Жерлеу рәсімі 9 тамызда Аргентинаның Перес қаласындағы El Prado зиратында отбасылық жабық форматта өтті.
Қоштасу рәсіміне марқұмның ең жақын туыстары: Лионель Месси әйелі Антонелла Роккуццомен және балаларымен, анасы Селия, футболшының ағалары мен қарындасы қатысты.

Лео Месси мен отбасы Хорхе Мессимен соңғы қоштасу рәсімінде. pic.twitter.com/8J7q12EoOf
— FEDE FLOWERS (@fedeflowersok) August 9, 2026
Мессидің әкесінің қазасы: желіде жерлеу рәсімінде түсірілген кадрлар тарады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *