Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандық әйел жаңа туған қызын 800 мың теңгеге бағалаған

Павлодарда жаңа туған қызын сатпақ болған әйел сотталды. Істің мән-жайын облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Тауарға айналған сәби
Түркістанның 24 жастағы тұрғыны материалдық жағдайын түзеу үшін жүкті кезінде баласын сатуды жоспарлағаны белгілі болды. Ол "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "Бала асырап алғым келеді" қауымдастығында хабарландыру жариялап, сол жерден сатып алушы тапқан және жаңа туған қыз баланы 800 000 теңгеге сатуға келіскен.
2026 жылғы 28 наурызда әйел Павлодар облыстық №1 перинаталдық орталығында дені сау қыз баланы дүниеге әкелген. Алайда қызын сату жоспары іске аспады.

Қала прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары арнайы операция жүргізді. Қызметкерлердің бақылауымен операцияға қатысқан сатып алушы сатушыға ақша берген. Ақшаны беру фактісін растау үшін банкноттардың сериялық нөмірлері алдын ала тіркелді.

"2026 жылғы 31 наурызда Павлодардағы пәтерлердің бірінде сотталған әйел жаңа туған нәрестені оған қатысты медициналық құжаттарымен бірге сатып алушыға тапсырып, 100 000 теңге көлемінде сыйақы алды", - деп хабарлады прокуратура.

Жаза кейінге қалдырылды
Іс материалдарын зерделей келе, сот әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігі "Кәмелетке толмағандар саудасы" бойынша кінәлі деп таныды. Оған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Дегенмен ҚР ҚК 74-бабы негізінде тағайындалған жазаны өтеу 5 жыл кейінге қалдырылды.
Бұған дейін Астанада жаңа туған нәрестені заңсыз берген ана ата-ана құқығынан айырылған болатын. Ол жүктіліктің сегізінші айында жасалған суррогат ана болу туралы жалған шарт негізінде делдалдар арқылы ақшалай сыйақыға баласын ерлі-зайыптыға бергені анықталған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *