Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Адреналин көмектесті“: Елена Рыбакина US Open чемпионын жеңгені туралы

Қазақстандық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонтодағы (Канада) беделді турнирдің финалына шығып, АҚШ өкілі Коко Гауффқа қарсы матч барысын қалай өзгерткенін айтып берді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Қазақстандық теннисші бірінші сетте есе жібергенімен, ойын тізгінін қайта қолға алып, жартылай финалдық кездесуді 5:7; 6:2; 6:2 есебімен сенімді жеңіспен аяқтады. Еленаның айтуынша, бұл ойын оған оңайға соқпаған.

"Бұл жолы да өте ауыр тартыс болды. Бәрі тағы менің пайдама шешілгеніне қуаныштымын. Ертеңгі ойынға дейін бой түзеп, жақсы өнер көрсетемін деп үміттенемін", - деді қазақстандық спортшы баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, 2023 жылғы US Open және 2025 жылғы "Ролан Гарростың" америеалық чемпионының бір күн артық демалысы болған еді. Алайда бұл артықшылық Гауффқа қазақстандық спортшыны жеңуге көмектесе алмады.
- Ойын барысында күшейе түскендей көріндіңіз. Кеше кешке үш сеттік матч өткізгеніңізді, ал Коконың демалыс алғанын ескерсек, бұған қалай қол жеткіздіңіз?

"Меніңше, адреналин мен кортта өткізген көптеген сағаттың көмегі тиді. Үшінші сетте де ракетканы жай ғана сілтеп жатқандай сәттерім болды, бірақ есеп 30:30 болғанда бәрі менің пайдама шешілді.Осылайша, мүмкіндіктерім болды және мен оларды мүлт жібермедім. Есепке мән бермеуге тырысып, әр ұпай үшін жеке-жеке ойнадым. Сондай-ақ доп беру кезінде нысананы нақты таңдап отырдым. Ол менің қайда бағыттайтынымды білсе де, мен шабуылға шықтым, бүгін бұл тәсіл өз жемісін берді", - деп атап өтті Рыбакина.


Елена Рыбакина Коко Гауффты жеңіп, Торонто турнирінің финалына шыққаннан кейін “Шығыс уақыты бойынша түнгі сағат бір болды. Сіз осы турнирде кортта 11 жарым сағат өткіздіңіз. Шаршағаныңызға қарамастан, зейініңізді қалай сақтап қалдыңыз?”Елена: “Білмеймін. Кортта соншама көп уақыт өткізгенімді сезіп тұрмын… pic.twitter.com/0EsN1hzowY
- The Tennis Letter (@TheTennisLetter) 13 тамыз, 2026 жыл
Рыбакина миллион доллар үшін таласып, Соболенконы қуып келеді
Енді Қазақстан уақытымен 13 тамызға қараған түні өтетін финалда Елена Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, польшалық Ига Швёнтекпен кездеседі.
Талас әлемдік рейтингтегі 1000 ұпай (финалға шыққаны үшін 650) мен 1 миллион 85 мың 200 долларға жүріп жатыр.
Айта кетейік, финалда жеңіске жетсе, Елена Рыбакина әлемдік рейтингте Беларусь өкілі Арина Соболенкоға 4 ұпайға дейін жақындайды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

National Bank Open (@nbotoronto) жарияланымы


Оқиға осылай өрбитін болса, келесі Цинциннати турнирінде Соболенкодан жақсырақ өнер көрсеткен кез келген нәтиже қазақстандық спортшыны әлемнің бірінші ракеткасы етеді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Арина Соболенконың (@arynasabalenka) жарияланымы


Егер Рыбакина финалда Швёнтектен жеңілсе, оның әлемнің бірінші ракеткасымен арасындағы айырмашылығы 354 ұпай болып қалады. Бұл айырмашылықты Цинциннатиде жеңіске жетіп, қарсыласы финалға жетпей шығып қалған жағдайда еңсеруге болады.
Елена Рыбакина тағы да камбэк жасап, US Open чемпионын жеңді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *