Астанада күн суытып, Алматыда 37 градус ыстық болады
"Қазгидромет" синоптиктері Алматы мен Астана қалалары бойынша 14, 15 және 16 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Таяу күндері Астана мен Алматыдағы ауа райы айтарлықтай өзгеше болады. Егер елордада ыстықтан кейін күн суытып, найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілсе, Алматыда аптап сақталады - ауа температурасы +37 градусқа дейін көтеріледі.
Астанадағы ауа райы
14 тамызда Астанада күн бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде температура +14...+16 градус, күндіз ауа +32...+34 градусқа дейін жылынады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 7-12 метр, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.
15 тамызда күн бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде. Түнде +16...+18, күндіз +32...+34 градус. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр.
16 тамызда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде +16...+18 градус, күндіз температура +23...+25 градусқа дейін төмендейді. Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр.
Алматыдағы ауа райы
Алматыда 14 тамызда күн бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде температура +23...+25 градус болса, күндіз аптап ыстық - +35...+37 градус болады деп күтіледі.
15 және 16 тамызда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді: күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +22...+24 градус, күндіз +34...+36 градус. Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр.
Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері ауа райы циклон мен антициклонның әсерінен өзгеретінін хабарлаған болатын. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді деп күтілуде, ал оңтүстікте +42 градусқа дейінгі қатты аптап сақталады. Ауа райы болжамын осы жерден оқыңыз.