Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ЖКО-дан кейінгі кісі өлтіру: Шымкентте атышулы іс бойынша сот басталды

Шымкентте жол-көлік оқиғасынан кейін ер адамның өлтірілуіне қатысты атышулы іс бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
2026 жылғы 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. Оқиғаға қатысушылар өзара есеп айырыса бастаған, екі жүргізушінің жанжалына үшінші көлікпен келген адамдар қосылған. Төбелес барысында бірнеше адам пышақ жарақатын алды.
Кейінірек күрестен спорт шебері, 40 жастағы Василий Колесниковтың өлтірілгені белгілі болды - оны ұрлап әкетіп, қала сыртына апарған. Кейін оның мәйіті табылды.
21 қаңтарда полиция кісі өлтіру және бұзақылық жасады деген күдікпен төрт ер адамның ұсталғанын хабарлады. 25 қаңтарда тағы үш күдікті қолға түсті.
Қорғау тарапы бұл оқиға апаттан кейінгі кездейсоқ төбелес емес, алдын ала дайындалған тұтқиылдан шабуыл болғанын алға тартты. Колесников ұрланғаннан кейін оны бірнеше сағат бойы іздеген. Кейін оның денесі Шымкент маңынан табылды. Тергеу мәліметінше, мәйітте аяусыз азаптау іздері болған.

"Ерекше қатыгездік таныта отырып, Колесниковқа қатты доғал затпен, сондай-ақ өткір кескіш затпен бірнеше рет соққы жасаған. Салынған дене жарақаттары оның өліміне әкеп соқтыруы мүмкін екенін түсіне отырып және осындай салдардың болуын қалай отырып, олар оны қасақана өмірден айырды", - деді мемлекеттік айыптаушы Мұхтар Арыстанов сотта.

Сот алдында алты күдікті жауап беріп жатыр, тағы екі адамға іздеу жарияланған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *