Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

2028 жылға дейінгі бюджет бекітілді: НЗМ орындар не болмақ?

Келесі жылы Назарбаев зияткерлік мектептеріне (НЗМ) қабылдауды қысқарту жоспарланып отырған жоқ. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп хабарлайды Tengri Education.
Министрден бұл мектептерді қаржыландыруды қысқарту туралы әңгімелер аясында НЗМ-ге түсуге дайындалып жүрген қазіргі алтыншы сынып оқушыларына алаңдауға негіз бар-жоғын сұрады.
Сүлейменова қазіргі уақытта гранттар санын немесе оқушы орындарын қысқарту мәселесі қарастырылып жатпағанын айтты.

"Қабылдауды қысқартуға келетін болсақ - жоқ, ондай мәселе тұрған жоқ. Неге? Өйткені үш жылдық бюджет бекітілді, 2028 жылға дейінгі НЗМ бюджеті мақұлданған", - деді министр.

Оның айтуынша, қабылданатын оқушылар саны мектеп бітірушілердің санына байланысты болады.

"Гранттар немесе оқушы орындары қысқартылады деген мәселе жоқ. Бәрі бұрынғыдай қалады. Ең бастысы - түлектер саны қанша болады. Сол түлектердің орнына дәл сондай мөлшерде балалар келеді. Мысалы, төрт бітіруші сынып болса, демек төрт сыныпқа қабылдау жүргізіледі", - деп түсіндірді Сүлейменова.

Бұл ретте министр НЗМ-ге қатысты тәсілді, олардың білім беру тәжірибесін қарапайым мектептерге тарату тұрғысынан қайта қарау жоспарланып отырғанын айтты.

"Қазір зияткерлік мектептердің жинақталған озық тәжірибесін жалпы білім беретін басқа барлық мектепте нақты таратудың уақыты келді", - деді ол.

Жұлдыз Сүлейменованың өзі көп жыл НЗМ жүйесінде жұмыс істеген. Әр жылдары ол білім беру саясаты және бағдарламалар департаментінде қызмет атқарды, даму департаментін басқарды, сондай-ақ Алматыдағы физика-математика бағытындағы НЗМ директоры болды.
2024 жылы Жоғары аудиторлық палата 2019–2023 жылдар аралығында НЗМ бюджеттен 250 миллиард теңге алғанын, оның 22 миллиардтан астамы тәжірибе таратуға жұмсалғанын хабарлады. Аудиторлар 8,3 миллиард теңге тиімсіз жоспарланғанын және 6 миллиард теңгеге жуық қаражат тиімсіз пайдаланылғанын мәлімдеп, сұралатын бюджеттік қаржыландыруды неғұрлым қатаң негіздеуді талап етті.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда 12 жылдық оқудан бас тарту мәселесі қарастырылып жатыр: комиссия құрылды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *