Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

WBC қазақстандық әлем чемпионына қатысты шешім қабылдады

Әуесқой бокстан қазіргі әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстан бірінші аса жеңіл салмақтағы планетаның үздік 40 боксшысының қатарына енді, деп хабарлайды Tengri Sport Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 жастағы әлем чемпионы 28 тамызда Астана рингінде кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Тәшкенбай Нил Джакамосқа (7-2, 1 КО) қарсы 10 раунд өткізіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен WBA Asia белбеуін иеленді.
WBC ұйымның рейтингін жариялады, оған сәйкес қазақстандық боксшы рейтингте 35-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, тек алғашқы 40 орын ғана жарияланады және бұл салмақ дәрежесінде еліміздің өзге өкілдері жоқ.
Фото: wbcboxing.com/en/lightflyweight/
Еске салайық, бұған дейін Санжардың салмақ дәрежесі бағдарламадан алынып тасталуына байланысты ол Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасына енбей қалған болатын.
Осыдан кейін Тәшкенбай кәсіпқой аренада бағын сынау туралы шешім қабылдады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы


Санжар Тәшкенбай - екі дүркін әлем чемпионы
Еске салайық, Санжар Тәшкенбай 19 жасында-ақ Ташкентте (Өзбекстан) өткен бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған болатын. Ал өткен жылы Ливерпульдегі (Англия) турнирде 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Сонымен қатар қазіргі уақытта оның салмақ дәрежесі тек Азия ойындарының ғана емес, Олимпиада бағдарламасында да жоқ. Ол ел тарихындағы бокстан алғашқы үш дүркін әлем чемпионы атануы мүмкін, бірақ басты додада өнер көрсетпеуі де ғажап емес.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Санжар Тәшкенбайдың жазбасы (@tashkenbay_sanzhar)


Бұған дейін Қазақстанның тағы бір әлем чемпионы — Абылайхан Жүсіповтің де Азия ойындарына бармайтыны белгілі болған. Оның салмақ дәрежесінде жас боксшы Төрехан Сабырхан бақ сынайды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *