Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қытай мен Ресей БҰҰ-дағы Иранға қарсы қарарды бұғаттады

Қытай мен Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ядролық бағдарламасына байланысты Иранға қарсы қайта енгізілген санкциялардың орындалуын тәуелсіз сарапшылардың әрі қарай бақылауына мүмкіндік беретін қарарына вето қойды. Бұл ретте вето санкциялардың күшін жоймайды, тек олардың қадағалау тетігін тоқтатады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

БҰҰ сарапшылар тобының мандатын тағы бір жылға ұзарту туралы қарар жобасын АҚШ дайындаған болатын. Құжатты Қауіпсіздік кеңесінің 11 мүшесі қолдап дауыс берсе, Ресей мен Қытай қарсы шықты, ал Сомали мен Пәкістан қалыс қалды.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің былтыр 27 қыркүйекте 2015 жылғы ядролық келісім бойынша санкцияларды автоматты түрде қалпына келтіру тетігі аясында қайта енгізілген шектеулері Иранның шетелдегі активтерін бұғаттайды, Тегеранға қару-жарақ жеткізу мәмілелерін шектейді және оның баллистикалық зымырандар бағдарламасын дамытқаны үшін жазалайды.

Иран БҰҰ отырысында америкалық қарарға вето қойғаны үшін Қытай мен Ресейге алғыс айтып, әлеуметтік желілерде бұл елдер "Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастарының Қауіпсіздік кеңесін өздерінің саяси мақсаттарына пайдалануға бағытталған тағы бір арам пиғылды әрекетіне тосқауыл қойғанын" мәлімдеді.

Вашингтон Мәскеу мен Бейжіңді заңбұзушылықтарды тергеуге кедергі келтірді деп айыптап, вето қою Тегеранға және санкцияларды айналып өтуге көмектесетіндерге тиімді екенін атап өтті.

Францияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі әрі кеңестің қазіргі төрағасы Жером Боннафон санкцияларды қолдану "Иранды ядролық міндеттемелерін орындауға қайта оралуға итермелейтін негізгі құрал" екенін айтты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *