Алматы облысында жеңімпаздар форумы өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорған қаласының орталық алаңында «Нұр Отан» партиясының «Біз жеңдік» атты форумы өтті. Форумда «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

