Хакерлер Катардың Ұлттық банкінен 1,4 Гб мәліметті ұрлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз хакерлер тобы Катардың Ұлттық банкінің серверін бұзды, деп хабарлады Hackread. Көлемі 1,4 Гб жоғалған деректер қорында банк клиенттерінің жеке мәліметтері бар. Клиенттердің арасында Катар королінің отбасы, «Әл-Жазира» журналистері мен MI6 агенттері туралы ақпараттар да бар.