Мекеме қаражатын жымқырған балабақша есепшісі сотталды - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазталов аудандық №2 сотының үкімімен Жалпақтал ауылындағы «Балдәурен» балабақшасының бұрынғы есепшісі Ж.Кутушева ҚР ҚК 189-бабы 2-бөлімі 3-тармағына сәйкес (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету) айыпты деп танылып, оған 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

