АҚШ-та бұрынғы NASA астронавты екі қызды өлтіруге айыпталуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жол-көлік апатына және оның салдарынан екі қыз қазаға ұшырауына айыпталған NASA-ның бұрынғы астронавты Джеймс Холселл 150 мың доллар мөлшерінде кепілдікпен бостандыққа жіберілді. Бұл туралы ТАСС Associated Press агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

