Террористердің қолынан қаза тапқан адамдардың отбасыларына қолдау көрсетейік - депутат
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаты Роман Ким Ақтөбеде лаңкестердің қолынан қаза тапқан әскери адамдардың отбасыларына қолдау көрсетуге шақырды. Себебі, депутат атап өткендей, сол ерлер болмағанда, Ақтөбедегі жағдайдың немен аяқталарын ойлаудың өзі қорқынышты.

