8 шілде күні республиканың кей аймақтарында қатты ыстық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 шілде күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай және екпінді жел болады, республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында жекелеген аудандарда бұршақ болуы ықтимал. Тек республиканың оңтүстік аймағында жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.