9 шілде күні республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай және екпінді жел болады, республиканың батысында және солтүстік-шығысында жекелеген аудандарында бұршақ болуы ықтимал.

