Сібір жарасы оқиғасына байланысты Қарағанды облысында бірқатар шенеуніктер жұмыстан кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Ақтоғай ауданы Үшарал ауылының тұрғындарымен жиналыс өткізді. Еске салайық, бұған дейін осы ауылдың бір тұрғынынан «түйнеме» диагнозы расталып, тағы үш адам жұқпалы ауруханаға жатқызылған болатын.