Амангелді ауданында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне арналған той өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысы, Амангелді ауданында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл толуын орай ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті. 1916 жылғы халық қозғалысының 100 жыл толуын орай ұйымдастырылған «Өр Торғай ерлік мекені» атты экспедиция мүшелерінің сапары осы Амангелді ауданында өтіп жатқан 100 жылдықтың мерекелік тойына қатысуымен аяқтады.