Apple қайтадан әлемнің ең қымбат брендіне айналды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple брендінің құны iPhone смартфонының сатылуы төмендегеніне қарамастан 5%-ға артты. Рейтинг жасаған Interbrand компания логотипін 178 млрд долларға бағалады, оны өкшелеп келе жатқан Google құны 11%-ға артып 133,25 млрд доллар болды. Apple брендінің қымбаттауы 2003 жылдан басталды. Сол кезде оның құны $5,2 млрд болатын.