Еуропа Лигасы: «Астана» сырт алаңда «Олимпиакостан» ұтылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан чемпионы «Астана» командасы 20 қазан күні Грекияның Пирей қаласында өткен Еуропа Лигасы топтық кезеңінің матчында жергілікті құрама «Олимпиакосқа» 4:1 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-қа сілтеме жасап.