Дәулет Ерғожин ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Дәулет Еділұлы Ерғожин Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

