Астанада алаяқ әйел пәтер сатып алушылардың 50 млн теңгесін қолды еткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015-2016 жылдары У. есімді азаматша өз таныстарының арасында Астананың сол жағалауында орналасқан «Новый мир», «Нұрсая-1» секілді тұрғын үйлердегі элиталы пәтерлерді нарықтағы бағадан төмен сомада заңды түрде сатып алудың мүмкін екендігі туралы ақпарат таратқан.