2017-2018 жылдар аралығында инфляция алдын ала болжамға сәйкес болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы-несиелік саясат шарттары сақталған жағдайда 2017-2018 жылдары инфляция деңгейі болжам бойынша ішкі мақсатты бағытта болады. Өз кезегінде ол биылғы жылдың ағымдағы тоқсанында-ақ қаржы-несиелік шарттардың жеңілдеуіне мүмкіндік береді. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.