Қазақ тіліндегі терминдердің 70-80 пайызын кірме сөздер құрайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Байынқол Қалиев Астанада өткен республикалық семинар-кеңесте терминология саласындағы бірқатар мәселелерді атап көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.