АҚШ сенаты тәжірибелі дипломат Джули Стафтты елдің Қазақстандағы елшісі қызметіне бекітті. Оның кандидатурасын сенаторлардың 51-і қолдаса, 47-сі қарсы болған.
Джули Стафтты Қазақстандағы елші лауазымына Ақ үй биыл шілдеде ұсынған.
АҚШ-тың кәсіби дипломаты, аға дипломатиялық қызмет мүшесі Джули М. Стафт Огайо штатынан шыққан. Мемлекеттік департаменттің ресми сайтында жарияланған өмірбаянында Стафттың Кейс Вестерн Резерв университеті мен Дьюк университетін тәмамдағаны, орыс, румын, француз және поляк тілдерін еркін меңгергені жазылған. Читать дальше...