ҚР ІІМ әкімдіктерге жағдайы нашар отбасылардың жеке тізімін жүргізуді ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі әкімдіктерге отбасылық жағдайы нашар балаларға қатысты медициналық-әлеуметтік тіркеу жүргізуді ұсынды. Бұл жайында Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Алексей Милюк мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.