30 наурыздан жұмысы шектелмейтін елордадағы кәсіпорындарға қойылатын талаптар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 30 наурыз сағат 00:00-ден бастап, 6 сәуір сағат 00:00-ге дейін азық-түлік, медициналық сауда логистикалық орталықтары, азық-түлік сататын сауда нысандары, азық-түлік тауарлары дистрибьюторлары, қаланың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін ұйымдардан басқа (коммуналдық, байланыс қызметтері) қаладағы барлық кәсіпорындар жұмысын тоқтатады.