Коронавирус моральдық нормаларды өзгертіп жатыр - Gazeta Wyborcza
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қолды жиі жуу? Жер шарының екі миллиард тұрғыны суға қол жеткізе алмай отыр. Әлеуметтік қашықтық? Босқындар лагерлерінде 70 млн адам бар. Маска? Маска бай мемлекеттердің өзінде жетіспей жатыр. Босқындар медициналық көмекке қол жеткізе алмай отыр. Ал Еуропа тек қана өз қамын ойлауда. Коронавирус моральдық нормаларды өзгертіп жатыр», деп жазады Польшаның танымал басылымы Gazeta Wyborcza.